Бүгінгі таңда егемен елдің ұл қызы бақ пен құт дарыған киелі мекенде бақытты ғұмыр кешуде. Әсіресе болашақ елдің іргесіне кірпіш болып қаланатын мектеп оқушыларының бойында ұлттық жігер мен патриоттық сезім селдей тасқындайды. Оған куә күні кеше өткен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мектепшілік мәнерлеп оқу байқауы.
132 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптары арасында орыс сыныбынан Мельник Елена Сергеевна мен қазақ сыныптарынан Перизат Мұратқызы жоспар бойынша өткізген мәнерлеп оқу сайысы өте жоғарғы деңгейде өтті. Мерекелік шара өтетін залға мектебіміздегі бастауыш сыныптарының әр қайсысы өздері даярлаған қабырға газеттерін іліп,безендірді. Сайысқа сақадай сай дайындықпен келген мектептің 21 бастауыш сынып оқушыларының өнерлерін бағалайтын қазылар алқасының төрайымы Жакеева Мақпал апай бастаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кәдірсізова Қызғалдақ болды. Ел тәуелсіздігі мерекесіне арнайы ұйымдастырылған іс-шараның шымылдығын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакеева Мақпал Сәкібайқызы сөз сөйлеп ашып,талапты оқушыларға сәттілік тіледі. Кеш барысында оқушылар тәуелсіздік туралы ақындарымыздың рухты жырларын тамылжыта орындады.Сынып жетекшілерімен бірлесе әзірлеген слайдтар мен нақыл сөздер көрсетіліп, оқушыларға өзгеше көңіл күй сыйлады. Барлық қатысқан оқушылар жырларды нәшіне келтіре орындап,жүлделі орындарға табан тіреді.
Тәуелсіздік туралы өлең жолдарын тебіреніспен орындап ,жүлде үшін сайысқа түскендерінің бағасы беріліп, қазылар алқасының шешімімен төмендегідей бағаланды.
1 сынып оқушылары:Қалкен Ислам-І орын,Кәусар Жалынқызы-ІІ орын, Шұғылы Тәжібаева-ІІІ орын, Люткевичук Злата –ІІорын,Жұмажанов Әділ –ІІІ орын.
2 сыныптан:Бейсенбаев Әділ- І орын,Еламан Сәбира-ІІ орын,Ермакова София-ІІ орын,Ерғалиева Әминә-ІІІ орын,Аманжол Меруерт-ІІ орын,
3 сыныптан:Саденова Жазира – І орын,Әбілқас Болатбек - І орын,Әуезханқызы Нұрайлым-ІІ орын, Дүйсенбай Ділназ-ІІІ орын.
4 сыныптан:Алмазқызы Ділназ-І орын, Мақыш Аяулым –І орын,Тиесова Адина –ІІ орын,Қайрулла Әлиасқар- ІІІ орын,Сембі Ақжігіт – ІІІ орын иеленді.
Оқушылардың танымдық көкжиегін бақылау үшін Тәуелсіздік туралы сұрақтар қойылып,жауаптар алынды. Егеменді мемлекетте өмірге келіп,еркін қанат қаққан оқушылардың тәуелсіздікке деген ой-пікірі мен мәнерлеп орындаған өлеңдері бағаланған сайыс мәресіне жетті. Бастауыш сынып ұстаздары мен оқушылары қатысқан байқаудың қорытындысында бастауыш сыныптардың оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Жаппарова Зәуреш Айбатқызы сөз алып, ұйымдастырушы қос мұғаліммен қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіріп,талаптарының ұшталып, бұдан да жақсы болуына тілек қосты.
Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде өткізілген шара өте жоғары деңгейде өтті.
Перизат Омарова,
бастауыш сынып мұғалімі