Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Мақтанышымыз – Ілияс
08-01-2018 22:52
Мақтанышымыз – Ілияс

Бүгінде мектеп қабырғасында жүріп-ақ біліммен шыңды бағындырып, мектептің мәртебесін асқақтатып жүрген оқушылар баршылық. Мектебіміздің 3 «Б» сынып оқушысы Ілияс Ғалымұлы – алғырлығымен, ізденімпаздығымен көзге түсіп жүрген оқушылардың бірі.

Ілиястың білімі жоғары бағаланып, қазақ тілінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының жүлдегері атанып, ІІ дәрежелі Дипломға ие болды.

Баланың жан-дүниесін терең ұғынып, жас ұрпақтың Отанын сүйген ержүрек тұлға ретінде қалыптасуына теңдессіз үлес қосқан Гүлдана Тілеубайқызының еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттеріне әріптестері мен ата-аналары тәнті болуда.