Ғажайыпқа толы - Жаңа жыл!
22 желтоқсан күні 11-сыныптардың ұйымдастыруымен "Ғажайыпқа толы - Жаңа жыл!" атты жаңа жылдық мерекесі өтті. Мерекелік кеш Астананың 20 жылдығына арналды.
Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөз АӘД пәнінің мұғалімі Өміртаев Еркебұлан Ыдығанұлына беріліп, жиналған қауымға жүрекжарды лебізін білдірді.
Оқушылар өздерінің дайындаған түрлі ойындарын ұйымдастырып, әсем ән мен көңілді билерге барлық ұстаздарды тарта отырып, думанды кештің шырайын аша түсті.
Жаңа жылдық кештің жоғары деңгейде, қызықты өтуіне үлес қосқан талантты оқушылар мереке қонақтарының көңілінен де шыға білді.