Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Білім күніндегі салтанат
02-09-2017 10:53
Білім күніндегі салтанат

  Өткен сенбіде еліміздің барлық мектептерінде жылдағы дәстүрге сай Білім күні мерекесі аталып өтті. №132 жалпы орта білім беретін білім ордасы да бұл айтулы мерекені үлкен дайындықпен қарсы алып, түрлі іс-шаралар өткізді. Бұл күні мектебімізде «Мен – өз елімнің патриотымын!» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтіп, оған ұстаздар қауымы, оқушылар, құрметті қонақтар қатысты.

   Білім күні тек оқушылар мен ұстаздар үшін ғана емес, сондай-ақ, ата-аналар үшін де қуанышты мереке. Сол себептен қолдарына гүл шоқтары мен түрлі-түсті шарларды ұстаған ата-аналар да бұл күні мектепке көп жиналды. Бәрінің көңіл-күйлері көтеріңкі, қуаныштарында шек жоқ.

 Еліміздің Мемлекеттік Әнұраны орындалған соң, мектеп директоры Махаббат Ермуханбетовна жиналған жұртшылықты жаңа оқу жылымен құттықтады. Өз сөзінде мектеп басшысы өткен оқу жылының жетістіктерін айта кетіп, 2017-2018 оқу жылының өзгерістерімен таныстырды.

 Мектептің 11-сынып оқушылары өз ізбасарларына игі тілектерін арнап, қалыптасқан дәстүр бойынша Білім кілтін тапсырды. Сонымен айшықты іс-шараның ең негізгі жүректі тебірентер сәті – алғашқы қоңырау соғу рәсімі де келіп жетті. Қоңырауды соғу құрметіне мектептің биылғы жылғы түлектері Адиль Чеканский мен Манарбек Шакенов және 1-сынып оқушысы Ақзере Қажыбай ие болды.

 Салтанатты жиын аяқталған соң, құшақтары гүлге толған мұғалімдер мен жас бүлдіршіндер өз сыныптарында патриоттық тақырыптарда өткізілген тәрбие сағаттарына қатысты.