Қазақстан халқы бүгінде береке-бірлікпен бір халық болып ұйысып, орнықтылықты арқау етіп, орасан жетістіктерге куә десем артық айтқандық болмас. Елбасының алдағы өмірге бағдарлама жасап, елімізді жолы айқын, сенімі күшті мемлекетке айналдыруды мақсат еткен қырағылығы ұлт мақтанышына айналып отыр. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым болашақтың жарқын бейнесін анық байқайды, әрі оның қандай болатынын және ол жолда табысқа жету үшін қандай жұмыстар атқару қажет екенін де тайға таңба басқандай анық біледі. Мемлекет басшысының көрегенділігі мен көшбасшы бола білген азаматтығын кешегі Жолдауы да дәлелдейді. Әрбір қазақстандық үшін, әрбір отбасы үшін, келешек ұрпақ үшін маңызды, құнды Жолдауы Тәуелсіз Қазақстанды көркейтуге, бүкіл әлемді ғылым-білімімен, экономикасымен мойындататындай дәрежеге жеткізуге көзделген. Әр Жолдауының мақсаты да осыны басты қағидаға яғни темірқазығына айналдырған және алдағы күнге деген сенімімізге серпін береді.
Елбасы Жолдауындағы мәлімдемесінде жаңа дәуірде табысты болу үшін 10 негізгі міндетті нақтылап, сапалы білім беру жүйесін жақсарту мәселелеріндегі жаңа мүмкіндіктер жан-жақты көрсетілген. Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына зор үлес қосары сөзсіз.
Ел еңсесі еңкеймей, отыз елдің ортасында ойып алар орнын белгілеу үшін Жолдауда айтылған міндеттердің бәрі орындалуын көздеу қажет. Ал ол міндеттерді орындау әрбір азаматтың парызы. Сондықтан Жолдауда атап көрсетілген мақсат-міндеттерді іске асырсақ, ел экономикасы өркендеп, Қазақстанның рухы биіктеп, абырой-беделі асқақтай түсетіні сөзсіз. Ендігі кезекте әрбір қазақстандық осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекітуге үлес қосуы тиіс. Білім мен тәжірибені ел игілігі мен келешек ұрпақтың жақсы өмір сүруі үшін жұмыла жұмсауымыз керек. Біз өз ұжымымызбен Жолдауда көрсетілген міндеттерді толықтай қолдай отырып, оны жүзеге асыруға күш-жігерімізді аямай, барынша атсалысамыз.
Жаңаарқа ауданы «№132 ЖОББМ» КММ-нің әкімшілігі