Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 479
жаман - 105
жақсы - 70
жай ғана - 59
жауап беруге қиналамын - 52
Барлығы дауыс берді: 765
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Тағылымы мол конференция
22-12-2017 11:42
Тағылымы мол конференция

      22 желтоқсан күні О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінде «Рухани жаңғыру: тарих және тұлға тағылымы» атты тарихшы-өлкетанушы, майдангер-ұстаз, оқу ағарту ісінің үздігі, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Далбай Ізтілеуовтің мұраларына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конфренцияға мектебімізден оқушылар қатысып, жобаларын қорғады.

    Нәтижесінде зерттеу жұмысы мен шығармашылық жоба қорғағаны үшін 9 «Ә» сынып оқушысы Қалкен Мадина (пән мұғалімі Сейдахова Нұршат Қапарқызы)  9 «А» сынып оқушысы Ерсайын Саяжан (пән мұғалімі Икенова Инабат Амангелдіқызы) Мадақтамамен марапатталды.

    11 «Ә» сынып оқушылары Кәкіш Шахерезада мен Шаяхметова Томирис (пән мұғалімі Мухамеджанов Мейіржан Оразханұлы) Сертификатқа ие болды.