Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Ұлағаты – ұрпаққа үлгі
30-09-2017 08:48
Ұлағаты – ұрпаққа үлгі

Елі мен жерін сүйетін, қазіргі қоғамға лайық азамат тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер жауапкершілік жүгі әрқашанда салмақты. Өз кәсіби міндетін айқын түсініп, саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ұстаздар өмірдің қай кезеңінде де тау сияқты тұлғаланып қала бермек.

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім, алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, №132 жалпы орта білім беретін мектебіміздің тарихында көшбасшы боп танылған тау тұлға – ұлағатты ұстаз, физика пәнінің мұғалімі Шыңғысбаева Қорлан Берденқызы десек, артық айтқандық емес.

Саналы ғұмырын келешекке арнап, ұлт болашағы – жас ұрпақ санасына өнер-білім жарығын сыйлаған жанға, яғни, ел мен ұлттың көсегесін көгертетін ұлағатты ұстазға біздің құрметіміз бөлек, ерекше.

Өткен аптадағы айшықты шаралардың бірі – өнегелі ғұмырында қаншама шәкіртін білім нәрімен сусындатып, бойларына ізгілік шуағын дарыта білген, білім ордасында шәкірттерінің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің құрметіне бөленіп, жаңа дәуірдің жаңа үрдісіне сай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз Қорлан Берденқызын зейнет демалысына шығарып салу салтанаты болды.

Салтанатты жиында аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Борамбаева Шолпан Слямбекқызы салтанат иесінің еңбек жолдары жайлы айта келіп, ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі үшін алғысын білдіріп, Құттықтау хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ, мектеп директоры Махаббат Ермуханбетовна сөз сөйлеп, ұстаздың қырлары мен қасиеттерін, тағылымдары мен тәрбиелі істерін жіктеп-жіктеп айтып өтті.

Мектеп ұжымы ұлағатты ұстазға деген өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, гүл шоқтарына орады. Мәңгілік өшпес із қалдырған ұлағатты ұстаз Қорлан Берденқызын ұжымы қимастықпен шығарып салды.

Кеш соңында Қорлан Берденқызы мен отбасы мүшелері осындай тамаша әсерлі кеш сыйлаған кәсіподақ ұйымының төрайымы Дауылбаева Мөлдір Мұратқызына және мектеп ұжымына алғыс сезімдерін білдірді.

Бүгінде, Ұстаз Ана, сүйікті жар, ақылшы әже атанып отырған Қорлан Берденқызының мерейлі тойына құтты болсын айта отырып, білімді ұрпақтар жүрегінде қалдырған ізіңіз мәңгілік болып, әлі де асар асуларыңыз бен жаңа табыстарыңыз мол болсын демекпіз.