Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» облыстық жобаның 2-күні «Функционалды сауатты – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы»
21-01-2021 20:41
 «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» облыстық жобаның 2-күні «Функционалды сауатты – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы»

«№132 ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-ның бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» облыстық жобаның 2-күні «Функционалды сауатты – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. Мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Құрылған жоспарға сай 3,5-сынып оқушылары kahoot тест тапсырса, 4,6,7-сынып оқушылары тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы бестік диктантын жазды. Сол сияқты 8,9-сынып оқушыларынан оқу сауаттылық деңгейлерін анықтау мақсатында тест сұрақтарына жауап алынса, 10,11-сынып оқушылары эссе жазды. Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында оқушылар білімдерін жан-жақты көрсетіп, ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Әр пән мұғалімі өзіне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып шықты.