«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры! »
2021 жылдың 18 қаңтар күні № 132 ЖОББМ базасындағы тірек мектебінде (РО )
«Оқу сауаттылығы» апталығы «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры! » аясында онлайн және офлайн іс-шаралар өткізілді. Шара ауқымдығы 1-11 сыныптарды қамтыды. “Біз- бақытты ұрпақпыз !"тақырыбында 1-4 сынып оқушылары ұстаздардың бастауымен сынып сағаттары өткізіліп,онлайн форматта челлендждер түсірілді. 5-7 сыныптар арасында “Мен елімнің ертеңімін!”атты 3 минуттық видео репортаж жасалды. Сонымен қатар 8-9 сынып оқушылары үлкен белсенділік танытып, “Жалынды жастар - жарқын болашақ”тақырыбында креативті видео, фото жарнамаларды ұсынды. “Жаңа ғасыр жастары" тақырыбын негізге алып, 10-11 сынып оқушылары монологқа құрылған 2 минуттық челлендждері арқылы патриоттық сезімдерін көрсете білді. Бұл іс-шаралар оқушылардың сауаттылығын артып қана қоймай, ұлтқа, елге деген сүйіспеншілігін оятатынына көз жеткіздік!