№132 ЖОББМ 15 қаңтарда«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Акцияны өткізудің орны және кезеңі: 2020 жылғы 15 қаңтардан бастап 15ақпанғадейін.
Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б.
Акцияның мазмұны және форматы:
Ұраны - «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».
Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс.