№132 ЖОББ мектебінде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Өміртаев Еркебұлан Ыдығанұлының жетекшілік етуімен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық сыныбы ашылды. "Жас сарбаз" сыныбының жетекшісі Икенова Инабат Амангелдіқызы.
Мақсаты: жастарға патриоттық тәрбие беру арқылы еліне адал қызмет ететін ұрпақ дайындау. Елін, жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу. Мектептен 7 «Б» сыныбының оқушылары іріктеліп алынды.
Әскери тәртіпке бет бұрған жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдап, артылған сенімді ақтап шығуға ниетті екендіктерін жеткізді
Әскери-патриоттық тәрбие беретін арнаулы сыныпқа 7-сынып оқушыларынан 24 жас сарбаз қабылданды. Олардың өзіндік гимні, бірыңғай киім үлгісімен құрал жабдықтары дайындалған.
Әскери патриоттық сыныптың басты бағыты жас ұрпаққа әсери патриоттық тәрбие беру мен қатар отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қоймай, елдің болашағын ойлауғатәрбиелеу.
«Жас сарбаз»