Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Парасаттылық»
17-01-2020 11:13
«Парасаттылық»

        №132 ЖОББмектебінде сыныптар арасында «Парасаттылық» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Оқушыларымыз айналадағы адамдар мен рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттерін дамыту, ізгілікке және адамгершілікке жат әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыру еді.  Тәрбие сағаттары «Адам бойындағы асыл қасиет», «Адалдық пен әділдік», «Адал бол-адам бол!», «Адалдық –адамдықтың белгісі», «Асыл қасиет - адалдық» тақырыптарында өтті. Оқушыларымыз осы тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Дамыған елдердегі парасаттылық жайында да сөз қозғап, парасатты адамның сыбайлас жемқорлықтан ада болатындығына бірнеше мысал келтірді. «Парасат» тақырыбындағы дәрісте оқушыларға адалдық, әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты көптеген адами қасиеттер түсіндірілді. Осы құндылықтар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі екені айтылды.        Адалдық сағатында  сынып жетекшілер адам бойында қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлер туралығын жан-жақты айтып өтті. Сабақ барысында оқушылар адалдықты, парасаттылықты қалай түсінетінін, оны қалыптастыру жөніндегі ойларын айтты. Сонымен қатар, оқушылар ойында жүрген сұрақтарын қойып пікір алмасты. Айта кетейік, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады.