Әлеуметтік бағыттағы бастама жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Акцияның мақсаты- көп балалы, аз қамтылған отбасыларының балаларына көмектесу, баланың мектепке бармай қалуының алдын алу. Жыл сайын өтетін қайырымдылық шарасы биыл Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында 3 шілдеде басталды. Осыған байланысты, 2019 жылдың 5 шілдесінде мектеп директоры «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы жұмыс жоспарынбекітті.Жаңа оқу жылының қарсаңында қолға алынған шара биылғы жылы «Жүректен -жүрекке» ұранымен өткізілуде.
Бүгінге дейін 36 балаға демеушілер тарапынан 392 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалатын балаларды анықтау мақсатында аудан мен қалаларда рейдтік шаралар жүргізіледі.