Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Халықтар достастығы күні»
25-04-2019 16:23
«Халықтар достастығы күні»

«Халықтар достастығы күні»
132 ЖОББ мектебінде сәуірдің 26 күні «Халықтар достастығы күні» атты 5-10 сыныптар аралығында іс-шара өтті. Мақсаты: Елімізде халықтардың ынтымақ пен бірлікте, тең құқықты өмір сүріп жатқандығын үлгі ету еді. "Бірлік", "Достық", "Ынтымақ" құндылықтарының маңызын түсіндіру. Ортақ Отанымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Мерекелік шараны тамашалауға мектебіміздің әкімшілігі және 5-10 сынып жетекшілері мен оқушылар және ата-аналар келді. Сайыс 3 бөлімнен тұрды. Әр ұлттың салт-дәстүр, әдет ғұрпын дәріптеу, өнерін көрсету, ұлттық киімін көрсету.
24 ұлттың татулығын мақтанышпен көрсетуде 24 сынып оқушылары белсене қатысты. Қазақ ұлты, кәріс, ұйғыр, ағылшын, түрік, неміс ұлты, үнді, украин ұлты, қытай, орыс ұлты, қырғыз, өзбек ұлты, грузия ұлты, испан т.б оқушылар әр ұлт өкілдерін өнерін көрсетіп, салт-дәстүрімен таныстырды.
Мерекелік шара жоғарғы деңгейде өтті. Әрбір сайыскерлер бірлік мерекесінің тарихы терең екендігін ұғындыра білді. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алашбаева Б.Ә. оқушыларды құттықтап, ізгі тілегін айтты. Әрбір ұлт өкілдері естелікке суретке түсті.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт-аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлігі мәңгі жасай берсін демекпіз!