Мерейлi жылға мерекелiк тарту
С.Сейфуллиннiң 125 жылдығына, ауданымыздың 90 жылдығына арналған Қазақтың айтулы тұлғасының мерейтойына арнап ұйымдастырылған осы шараға 132 ЖОББ мектебі ұжымы бір кісідей ат салысты. Мұғалім оқытушы, әрі әнші, күйші, ізденуші, өнертапқыш, шығармашыл адам. Ұстаздарымыз мерейлі кешке бар өнерлерін салды. Кеш барысында С.Сейфуллинның өмір жолы және шығармашылығы мен оның бір қыры - сазгерлігіне кеңінен тоқталды. Ақынның өлеңдері мен өмір жолынан үзінділер көрсетті.
Кешке арнайы қонақтар және ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Кеш көпшілікке рухани қуаныш сыйлады.
Айта кететін болсақ, көрініс «Сәкеннің кабинеті», өткен өміріннен үзінді көретті. Көріністе ұстаздар ауыл тұрғындары және Сәкен және хатшының рөлін сомдап, ауылдың тыныс-тіршілігін көрсете білді. Жакеева Мақпал «Шежірелі Жаңаарқа» әнің орындады. Әрі қарай кешті «Жаңаарқа-жасыл белесім» ұстаздар триосы жалғастыра түсті. «Алтын арай» ұстаздар тобы «Өрнек» мың құбылған биімен кештің шырайын аша түсті. Бір топ өнерпаз ұстаздар, халық аспаптар оркестрінің орындауында «Келіншек» халық күйін орындады. Күйді нақышына келтіре орындап, тыңдарман көңіліне ұсынды.
Сәкен Сейфулинның «Тау ішінде» әнің мектебіміздің ұстазы Бүкілодақтық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші Уәлихан Бекежанов шырқады. Иксанова Сандуғаш өзінің әсем даусымен «Джудитта» әнімен кешті көріктендіре түсті. Одан әрі кешті КВН ұстаздар әзілкештері жалғастыра түсті. Тұщымды әзілдерімен көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Кештің жалғасын мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы Түсіпбекова Балжан «Ана-құдірет» атты Сәкен Сейфуллинның жұбайы Гүлбахрамның баласына арнаған монологын оқумен жалғастырды. Ана бейнесін, ананың баласына деген сағынышын, ананың шынайы образын ашып көрсете білді. Тыңдарманның көзіне жас ұялатты. Кештің соңы ҚР оқу ісінің үздігі Ахметова Бағдат Ахатайқызының жетекшілік етуімен Хор «Қазақстан-қыран далам» әні орындалды.
Жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушылары ақынның өмір жолы мен шығармашылығын дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды мақсат тұтқан байқауға, аталмыш білім ордасының ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысты.