п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
«Жай мұғалім – хабарлайды, Жақсы мұғалім – түсіндіреді, Керемет мұғалім –көрсетеді, Ұлы мұғалім – шабыттандырады.»
01-04-2019 16:06
«Жай мұғалім – хабарлайды, Жақсы мұғалім – түсіндіреді, Керемет мұғалім –көрсетеді, Ұлы мұғалім – шабыттандырады.»

«Жай мұғалім – хабарлайды, Жақсы мұғалім – түсіндіреді, Керемет мұғалім –көрсетеді, Ұлы мұғалім – шабыттандырады.» Уильям Уорд
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Ахмет Байтұрсынов
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай: «Директордың үздік орынбасары-2018» атты республикалық байқауы өтті. Байқауға жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Байқаудың мақсаты: педагогтардың инновациялық әлеуетін арттыру, тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметін күшейту, отансүйгіштік сезімін арттыру болып табылады.
Байқау комиссиясының мүшелері педагогтың портфолиосымен танысып, педагогикалық басылымдарда жарияланған жұмыстарын, сондай-ақ «Ұлттық білім беруді жаңғыртудағы ұстаздардың рөлі» деген тақырыпта жазылған эссені бағалады.
Нәтижесінде ауданымыздағы №132 жалпы білім беретін мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мияшева Айман Мияшевна «Директордың үздік орынбасары-2018» байқауының жеңімпазы атанды. Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік орынбасар» төсбелгісімен, арнайы куәлік және дипломмен марапатталды. Байқау талаптарына сәйкес, өзінің кәсіби шеберлігін барынша көрсетті. Жасампаз және талантты педагогтар бақ сынаған сайыста өзінің биік шығармашылық қабілетімен ерекшелене білді. Айман Мияшевна оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерген, терең теориялық негізі бар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі, жоғары санатты ұстазы.
Өз еңбек жолын бастағалы ұстаздармен өз тәжірибесімен бөлісіп, бар білгенін ортаға салып келеді. Біз де өз кезегінде ұстазымызды осы жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс, бақ-береке тілейміз!

Нет описания фото.
 
Нет описания фото.