Елбасымыз әрдайым Жолдауларында, халыққа үндеулерінде робототехниканы дамытуды қолға алу керек екендігін айтып отырады.
Бүгінде жасөспірімдерді алға қарай дамытудың жолы көп. Робототехниканы дамытуда көптеген шаралар, олимпиадалар, фестивалдер ұйымдастырылып жатыр.
29 наурызда Қарағанды қаласында V-ШІ халықаралық робототехника , бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Фестивалға мектебіміздің республикалық олимпиададан жолдама алған оқушыларымыз Кәріпбеков Диас, Мәнтенов Асхат қатысып, бақтарын сынады. Бұл жолы да оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді. Жарайсыңдар, дейміз! Жеңісті қолдан бермей, осындай керемет нәтиже көрсетіп, жүлдегер атанған оқушыларымыз бен жетекшісі: Жаркенова Ғ.И және де Оразбаев Қ Т, Тлеуханова Э.С ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстандағы робототехника саласын жетілдіру, еліміздің болашағы болатын бүлдіршіндерді осы салаға бейімдеу мына біздің, яғни ұстаздардың міндеті.
«РОБОТ ТЕХНИКАСЫ»