Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Психологиялық дамуды коррекциялау»
27-03-2019 16:01
«Психологиялық дамуды коррекциялау»

27 наурыз күні №132 ЖОББ мектебінің психологы Шакей С. Педагог-психологтың коррекциялық жұмысты ұйымдастыру жолдары «Психологиялық дамуды коррекциялау» тақырыбында аудандық семинары өтті.
Семинарға ауданымыздың барлық мектептерінің психологтары қатысты.
Семинардың мақсаты: Бұл дамудың әлеуметтік-мәдени және жас ерекшелік талаптарына негізделе отырып, баланың психалогиялық дамуындағы ауытқуларды түзету мақсатында психалогиялық әсер жүйесінде негізделген педагог, психолог және ата- ананың өзара біріккен кәсіби іс әрекетінің түрін жеткізу. Баланың әлеуетті мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған әдістер жиынтығы тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығуларын қолдану тимділігін тәжірибе жүзінде алмасу. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру барысын көрсету еді.
Семинар коррекциялық дамудың мындай бағыттары мен міндеттері бойынша өткізілді.
• баланың эмоционалды –еріктік аймағының дамуының ауытқуы;
• баланың бойында тиімді коммуникация дағдыларының қалыптасуы;
• баланың когнетивті дамуының ауытқуы;
• баланың психомоторлы даму ерекшеліктері .
Әр топтағы семинар қатысушыларымен коррекцияны дамытудағы бағыттар бойынша әр түрлі ойындар ойнатылды. Атап айтатын болсақ: «Есте сақтауды дамыту», «Қарым –қатынас» ойыны. Ойынның мақсаты: топ ішіндегі қарым-қатынасты жақсарту. Оқушылардың сенімділігін арттыру мақсатында, қорқынышын жеңу, агрецияны басу мақсатында «Фальгамен жұмыс» ойыны жүргізілді. Мамандық таңдаудағы ойын «Ата-аналар алдында мамандығын қорғау» . Мақсаты: Ата-аналар алдында өз мамандығын дәлелдеп қорғай білуге үйрету. «Менің бейнем» арттерапия. Мақсаты: Адамдардың бір –біріне деген көзқарасын өзгерту мақсатында өткізілді.
«Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болуы керек» деп, неміс педагог-дефектологі П.Шуман айтып кеткендей, ел өмірінің қай кезеңіне көз жіберсек те, балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, өзекті мәселенің бірі болғаны белгілі.
«Жас та берілген тәрбие, жас қайыңды игендей»,- дейді «теңізге» тамшыдай тамып, тәжірибемізді бөлісіп, бір-бірімізге жәрдемімізді тигізіп, ешнәрседен аянбай қиын да, қызыққа толы ұстаздық жолда ерінбей еңбек етіп, еңбегіміздің жемісін көре берейік.

На данном изображении может находиться: 5 человек, люди улыбаются, люди стоят, люди сидят и в помещении
На данном изображении может находиться: 5 человек, люди улыбаются, люди сидят, люди стоят и в помещении
На данном изображении может находиться: 3 человека, люди сидят, стол и в помещении
На данном изображении может находиться: 6 человек, люди сидят и в помещении
На данном изображении может находиться: 5 человек, люди улыбаются, люди сидят и в помещении