Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Қош келдің, Әз Наурыз!»
22-03-2019 16:57
«Қош келдің, Әз Наурыз!»

Ұлыстың Ұлы күні, берекенің бастауы, жыл басы – Наурыз мерекесі №132 ЖОББ мектебінде ерекше аталып өтті. Бұл күні мерекенің әсерінен мектебіміздің іші бұрынғысынан да жанданып, шаттықтан шашу шашылды. "Наурыз- шашу", "Наурыз -мереке", "Күш атасын танымас" атты әр түрлі сайыстар, сынып сағаттары өтті. Мерекенің шымылдығы бастауыш сынып оқушылары дайындаған "Наурыз-шашу" тақырыбындағы сынып сағаттарымен ашылды, салт-дәстүрді баяндайтын, тәрбиелік мәні зор көріністер қойылды. Келесі күнгі Наурыз мерекесі 5 – 7 сыныптар арасында да ауылдардың байқауы ретінде жалғасын тапты. Ауыл – ауылға бөлініп, ән айту, күй шерту, салт – дәстүрден көрініс көрсету кезеңдері бойынша сайысқа түскен ауылдар әр ауыл өнерден, салт- дәстүр т.б. шаралар көрсетуден сынға түсті. Өте жоғары деңгейде наурыз мерекесін тойлады. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, өнерлілер мен шеберлер ұйымдасқан жалғасын тапты. Әр ауылдын атаулары Сәкен ауылы, Ескене, Ұлықбек, Мағжан, Шәкәрім, бірлік, береке т.б ұлы тұлғалардың есімімен аталды. Ауылдардың Наурыз мерекесі әсем ән шашумен басталды. Ауылдар ән айту, күй шерту, салт – дәстүрден көрініс кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде, үздік өнер көрсеткен ауылдар «Салт – дәстүрді сақтаған ауыл, «Өнерлілер ауылы», «бірлігі жарасқан ауыл» номинациялары бойынша марапатталып, өте жоғары деңгейде өнер (7-8-9 – сыныптар) арасындағы Наурыз мерекесі бұдан да қызықты әрі тартысты өтті. Әр ауылда күмбірлеген күй мен қазақша әуендер үзілмей, тойдың әрін кіргізе білді. Сонымен қатар «Сиқырлы саусақ» атты қол өнер көрмесі ұйымдастырылды.
5-7 сыныптар қатысуымен "Наурыз- мереке" атты сахналық қойылымдар қойылды, ата-аналар арасында гир көтеруден, қазақша күрестен, қол күресінен "Күш атасын танымас" атты спорттық сайыстар өтілді. Ата – ана, оқушы, сынып жетекші бірлігінде өнер көрсеткен сыныптардың қойылымдары жоғары бағаланды. Жақсылықтың жаршысы болған көктемнің шуақты мейрамын бәрі де асыға күтіп, ерекше құрмет көрсетеді.
Мектебімізде Наурыз мерекесі осылай атап өтілді. Салт – дәстүрден көрініс көрсету, халық әндерін айту, күй шерту шарттары өткенімізді жаңғырту, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында қойылған болатын. Ең бастысы, шәкірттердің бойына мерекені тойлау барысында ұлттық құндылықтарымызды сіңірте алдық деген ойдамыз.