Атасу кенті, Абай көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Өзіңді тану- өмірді тану»
16-02-2019 16:25
«Өзіңді тану- өмірді тану»

1-14 ақпан аралығында 132 жалпы білім беретін орта мектебінде оқушылардың, пән мұғалімдерінің қатысуымен
«Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында он күндігі өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты: Оқушыларға «Өзін-өзі тану» арқылы рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру, жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, адам бойындағы адамгершілік сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу.
1 ақпан күні сыныптар арасында онкүндіктің ашылуына орай сап түзеу өткізілді. Мектеп психологі Шакей С салтанатты жиында сөз сөйлеп, он күндік жоспарымен таныстырды. Он күндікке белсене қатысып,атсалысуға шақырды.
Ашылу салтанатының соңында мектеп оқушылары «Көңілді күн» әнін орындады. Шара соңы 9 сынып оқушыларының биімен аяқталды.
4 ақпан күні мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ашылды. Көрмеге 4-9 сынып оқушылары қатысты. Бұл көрменің мақсаты оқушылардың анаға деген құрметін арттырып, өзін-өзі тану пәнінің шығу тарихы жайлы білімдерін кеңейту еді.
Кітапханашы Казниязова Р.К көрме кітаптарының негізгі мазмұнына нақтырақ тоқталып, мағлұмат берді. Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, білім беру саласының құрметті қызметкері Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолымен таныстырды. Сонымен қатар бірінші ханымның бастамасымен еліміздегі жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт» жас өскіндер үйлері ашылуда.
«Өзін – өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізілуіне еңбегін сіңіргенің айтып өтті. Мектебімізде әлеуметтік педагогтардың ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға мектеп ұжымы белсене атсалысып, өз көмектерін ұсынды. Жағдайы төмен отбасыларға киімдей көмек көрсетілді. Дәл осы күні Білім бөлімі Тоқбергенова Ү.М ұйымдастыруымен С.А Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармаларының көрмесі С.Сейфуллин мектебінде ұйымдастырылды. 5 күні технология пәнінің мұғалімдері «Сүйіспеншілік»,«Бейбітшілік», «Достық», « Мейірімділік» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетіп, әділ-қазылар бағалады. Оқушылардың қолдан жасаған бұйымдары мектеп фойесіне көрмеге қойылды. Осы күні өзін өзі тану мұғалімі « Отбасы құндылықтары» ашық сабағын өткізді. Мақсаты: ата-анасына, туыстарына деген сүйіспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне баулу. 7 сынып оқушылары,сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық айта білді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сүйіндікова А бастамасымен 9-10 сыныптар аралығында «Сүйіспеншілік пен адамгершілік менің басты қасиетім» атты эссе жинағын алды. Дәл осы 5 ақпан күні Б.Амалбеков мектебінде Патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы жоғары сыныптар арасында дебат өткізілді. Мектебіміз жауапкершілікпен қарап, оқушылар бар өнерін салды. 7 ақпан күні мектебіміздің психологы Шакей С «Сенімділік күш береді» атты тренинг сабақ өткізді. 8 ақпан күні мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Алтын жүрек анамыз» атты мәтінді мәнерлеп оқу әдеби шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты: Оқушыларға әлемдегі ең асыл жан –ананы сыйлауға,адамгершілік сезімін ұялатуға,әсемдікті сыйлауға баулу.Анаға деген мейірім, сүйіспеншілікті арттыру. Байқауға аудан мекептері түгелдей қатысты, 5-8 сынып оқушылары белсене қатысты. Мектебімізден 8сынып оқушылары өздерінің шығармашыл екендіктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Осы күні Сүлейменова Ж ұйымдастыруымен «Ең үздік» портфолиясы атты оқушылар арасында сайыс өті. Өзін өзі тану мұғалімі Сүлейменова Ж.А «Мейрімділік-асыл қасиет» ашық сабағын өткізді. Мақсаты: Оқушы бойына оқушы мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің,әділдіктің,шынайылықты дәріптеу еді. 12 ақпан күні Тоқбергенова Ү.М ұйымдастыруымен Ю.А. Гагарин мектебінде «Қайырымдылық-жер бетінде!» атты флеш-моб өткізілді. Мектептер арасындағы жарыста оқушыларымыз өз өнерлерін аямады.
Онкүндікте жоспарланған іс-шараның барлығы өткізілді.
«Өзін-өзі тану:Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты жыл сайын өтетін республикалық «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылықтың педагогикасы» атты онкүндіктің жақсы деңгейде өтті.
«Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деуге әбден лайықты.Себебі,осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің,әділдіктің,шынайылықтың дәнін себуге болады. «Өзін-өзі тану» пәні әрбір оқушыны адал болуға,айналаны жақсы көруге,өзіндік «менін» қалыптастыруға, өмірде өз орнын табуға,өз мүмкіндіктерін анықтауға,өмірді сүюге, алға ұмтылуға,ешкімге еліктемей өзін таба білуге үйретеді. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып,адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге,шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға,өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді, шығармашылықпен еңбек етуге шабыттандырады.Анаға,туған жерге,Отанға,туған-туысқанға, досқа, өмірге, әлемге махаббатпен қарау керек екенін ұғындыратын пән.Олай болса, «Өзін-өзі тану» пәнін -Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» деу әбден орынды. Мұғалімдер де, оқушылар да апталық барысында белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады.
 

На данном изображении может находиться: 8 человек, люди стоят
На данном изображении может находиться: 1 человек, в помещении
На данном изображении может находиться: 3 человека, в помещении
На данном изображении может находиться: 5 человек, люди улыбаются, люди стоят
На данном изображении может находиться: 1 человек, улыбается