Размер шрифта:
↑Наверх
п. Атасу, ул. Абая, 37
2-81-08, 2-92-14
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
"Жырлайды жүрек"
05-02-2019 16:12

Үстіміздегі жылдың 2 ақпан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 132 жалпы білім беретін орта мектебімізде қазақ тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың "Жырлайды жүрек" атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кештің мақсаты, артына айырықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Оқушыларымыз ақынның сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жүрекжарды жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған әндерін әуелете шырқады. Ақынның жолын қуған ақынжанды жастар да өз жүректерінен шыққан арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ ақынға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Орындаушы ақынның өлеңдеріне жазылған әндерін ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен және екінші ән еркін тақырыпта дәстүрлі ән, халық әні, терме орындады. Байқаудың қорытындысында әділқазылар алқасының әділ шешімімен біздің оқушылар жүлделі орындардың қатарынан көрінді. Және де осы байқаудан іріктелініп алынған оқушылар 4 ақпан күні Мәдениет үйінде өткен аудандық «Жырлайды жүрек» байқауынан бас жүлдені Жанысқызы Айкүнім иеленді. І орынды 4Б-сынып оқушысы Рахымтай Әділет иемденсе, II орынды 6Ә сынып Тоқпан Мөлдір, және де III орынды Тоқпан Айбек иеленді. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен сыйлықтар табыс етілді. Қазақ әдебиетінің болашақ Құлагерлері осындай жас толқын барда қазақ руханияты көркемдікпен кемелдене түсетіні күмәнсіз деп білеміз. Жалындаған жүректеріңді жарып шыққан шығармаларың Тәуелсіз Отанымыздың игілігі мен ізгілігіне айналып, қазақ әдебиетінің ғажайып өлкесіндегі ғұмырларың ұзақ болсын дегіміз келеді! Мұқағали ағамыздың үмітін мектебіміздің оқушылары барынша ақтай алды деп айта аламыз.