Бөбекжайда ақша жинауға
тыйым салу туралы
2024-2025 оқу жылында бөбекжайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңына,Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы»Занының 63-бабына сәйкес бөбекжай тәрбиеленушілерінің ата-аналарынан және өзге де заңды өкілдерінен заңсыз қаражат жинауға жол бермеу мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1.КМҚК «Балдырған» бөбекжайы тәрбиешілері топты безендіру,жөндеуді сылтау етіп,ақша жинауға тыйым салынсын.
2.Бөбекжай қорына және мерекелерді желеу етіп ақшалай қаражат жинауға тыйым салынсын.
3.Ата-аналар тарапынан демеушілік көмек ретінде берілсе, түскен қаражатты есепке алу және есеп беру,жоспарлау мен пайдалану мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.