Атасу кенті, Абай көшесі, 21
2-86-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бөбекжайдың бір күні
25-12-2023 09:33
Бөбекжайдың бір күні
Бүгін яғни 22 желтоқсан күні Ұлытау облысы білім басқармасынан Төребеков М. Ж бастауымен және аудандық білім бөлімінің басшысы Балабаева М. Е, білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Ашықбаева Г. М "Бөбекжайдың бір күні..." атты іс-шараға қатысты. Қонақтарды қарсы алып, іс-шараның алғашқы бөлімі бөбекжайдың ішінен ашылған Монтессори кабинетінің тұсаукесер салтанатымен басталды. Одан әрі қонақтарымыз әр топтың жас ерекшеліктеріне байланысты жасақталған заттық дамытушы орталықтың жұмыстарын көріп аралады. Музыка залына балалар ансамблінен құралған "ритмикалық әуен" өнерін тамашалады және "Менің отаным Қазақстан" хорын тамашалады. "Балаларға базарлық акциясынан алынған спорттық ойындарға арналған жабдықтармен танысты. Төменгі қабатқа түсіп," Қазақ тілі" және "Психолог және логопед" кабинетін аралап, педагог жұмыстарының барысын көрді. 
Келген қонақтар бөбекжайдың жұмысына ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.