Размер шрифта:
↑Наверх
Атасу кенті, Абай көшесі, 21
2-86-07
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Жаңаарқа газеті - БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ  «БАЛДЫРҒАН» БАЛАБАҚШАСЫ
21-12-2017 06:07
Жаңаарқа газеті - БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ   «БАЛДЫРҒАН»  БАЛАБАҚШАСЫ

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ   «БАЛДЫРҒАН»  БАЛАБАҚШАСЫ

Еліміз  егемендік  алып,   бодандықтан босап,  тәуелсіздік таңы  атқалы  міне  26 жыл.   Егемендік  өмірімізге  енгеннен  бері  жалтақтауды, жалпақтауды қойып,  ой-сана мен  тәрбиенің өзінде еркіндіктің  нышаны  есіп  келеді.  Ұлттық  құндылықтарымыз  қайта  жаңғырып,  салт-дәстүр  мен  ұмыт  болған  үрдістер  ортамызға  оралуда.  Туа  біткеннен  қалыптасатын тәрбие  негізі   балабақша  алаңынан  басталатынын  аңғарғандаймыз. Отыр-тұрды  білмейтін  сәбиіңізді  қабылдап, өнерпаз  бала  етіп  қанаттандыратын балабақша  ұжымына  алғыс  шексіз. 

 Бүгінгі  күні атқарылған  іс-шараларын  әлеуметтік  желіге  салу жүйесі  жақсы  дамып  келеді.  Фейсбук  әлемінен  «Балдырған» балабақшасында  өткен  Елбасы  күніне  арналған мерекелік шараны  көріп, балабақшаға   асықтық.

Ашылғанына 11 жыл болған  балабақшаның  жылылық  пен жайлылық  сыйлаған  ғимаратының іші  ұлттық  нақыштағы  ою-өрнекпен,  ертегі  кейіпкерлерімен,  батырлардың  суретімен  безендіріліпті. Алты топқа  бөлінген  150  баланы  қарап,  тәрбиелейтін 20 педагог өз ісінің майталман маманы.    Ұжымда барлығы 44 адам қызмет жасайды. Ұйымшылдық пен  ынтымақтастықты, сыйластықты  мұрат  етіп,  жұмыла  жұмыс  жасайтын ұжымның  басым көбі орта жастан асқандар екен. Балабақша  ашылғаннан  бастап  осында  еңбек  етіп  келе  жатқан  қызметкерлердің басты  мақсаты  балаға  ұлттық  тәрбие негізінде жүйелі түрде халықтық дәстүрді жас ұрпақтың бойына дарыту. Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, бойында игі қасиеттер қалыптасқан патриот, отансүйгіш, елжанды ұрпақ тәрбиелеу. 

 -Білім және ғылым министрлігі бекіткен жаңа оқу стандартына сай балабақшаның барлық жұмыс жоспары денсаулық, қатынас, таным, шығармашылық және әлеуметтік орта сынды бес бағыт бойынша  жүзеге асырылады. Еліміздің ертеңі –жас ұрпақтың бойына қазақтың әдет-ғұрпын, салт дәстүрін дарытып, мәдениеті мен өнеріне құштарлығын ояту үшін алдымен балабақшадан жақсы тәлім тәрбие берілуі тиіс. Осындай ұлттық құндылықтар балаға алдымен отбасынан  бастау алады десек, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады, Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы   болғандықтан мектепке дейінгі мекемелердің мазмұнын жаңарту, басқаруды жетілдіру, балабақшаларды желісін сақтау тұрғысында біршама игі істер жүргізілуде.   Жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу отбасымен балабақша педагогтарының бірден-бір парызы. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда  ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Біздің балабақшада ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Отбасы мен балабақша ұжымы әр мереке сайын бірлесе отырып, ертеңгіліктер, кештер мен жиындарды өткізуге әдетке айналдырған. Балабақшада жылда тәрбиешілер арасында «Заманауи педагог моделі»,  «Жыл тәрбиешісі», «Үздік топ»  байқаулары, ата –аналармен  бірлескен   «Толағай», «Әкем шешем және мен» атты жарыстар мен ойындар өткізу арқылы, ата-ана мен балабақша арасынадағы ынтымақтастық жылдан жылға нығаюда. Бақшамыздың дарынды балаларымен  «Шебер қолдар», «Әнші балапан», «Ағылшын тілін үйренейік»,  «Говорим по русский», «Біз кішентай бишілерміз» атты үйірмелер күннің екінші жартысында  жұмыстарын жасайды.

 Елбасымыздың халыққа арналған Жолдауындағы  басты  бағыттарды  үнемі  ұстанып  келеміз.  Елбасының стратегиясын орындау мақсатында  үштілділік жобасын жүзеге асырудамыз. Бүлдіршіндерміз мемлекеттік тілмен қоса   орыс-ағылшын  тілдерін қоса меңгеруде.   Рухани  жаңғыру  бағдарламасындағы латын  әліпбиін енгізу  жұмыстарына  орай  балдырғандарымызға  латын әріптері  үйретілуде.  

  Тәуелсіз еліміздің бақытты балғындарына тәрбие беруде балабақша ұжымы жас та болса біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтарымыз үнемі шығармашылық ізденіс жолында.  Бүгінде балабақша ұжымы қалыптасу кезеңінен толық өтіп, дамудың жаңа жолына түскен. Жаңашыл ізденгіш тәрбиешілердің ұйымдастыруымен тың тақырыптағы мерекелік шаралар жоғары дәрежеде өткізіліп, аудандық, облыстық  сайыстарда  топ  жарып  жүр. Балабақшадағы  барлық тәрбие мен оқу процестеріне  жауапты, «Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауының  облыстық кезеңіне катысып «Шебер әдіскер» атанған әдіскер Салтанат Көбекқызы  білімді де білікті маман.   Облыс көлемінде өтетін  «Мектепке дейінгі ұйымдағы талантты тәрбиеші» байқауынан Г.Дарибаева,   Н.Қасенбекова, А.Рыспекова жүлдегер  атанса, Г.Ахтанберлиева, А.Бақтыбаева сертификат иеленді. Тәрбиешілер-Б.Омарова, З.Бөгенбаева, Р.Игенова облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. Б.Омарова, М.Мамурбаева, А.Рыспекова,  З.Бөгенбаева,  психолог А.Ахметжанова  облыстық ғылыми практикалық конференцияға қатысып, өз жобаларын қорғап,  мақалалары жинақ кітапқа енді. Тәрбиешілеріміз  Н.Қасенбекова мен Сердхан Жанардын  жобалары   жоғары деңгейде бағаланып,   жинақ-кітапқа енгізілді. Ағылшын  тілі маманы Нұргүл Жақыпбекова облыстық  III халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып,  «Ағылшын сабағында ойын тәсілдерін қолдану арқылы оқыту» тақырыбында өзінің практикалық оқу іс әрекетін көрсетіп, арнайы дипломға ие болды.

 Жыл қорытындысы бойынша балабақшамызда жас мамандарды шыңдау мақсатында  жыл сайын «Ең үздік жыл тәрбиешілері» анықталып   марапаттар мен сыйлықтарға  ие болады: Олар Д. Бакір, Р.Игенова, М. Ибрагимова,   Б.Омарова, А.Асилова   балабақша мақтаныштарына айналды.

  ҚР Ұлттық бизнес-рейтингісінің жыл қорытындысы бойынша «Балдырған» балабақшасы үздіктер қатарына еніп, «Сала көшбасшысы» атты  ұлттық сертификатпен марапаталдық. Бұл бағдарламаның марапаттары кәсіпорынның жоғары көрсеткіштері мен Қазақстанның дамуына үлес қосқан үшін беріледі. Осындай еңбегімен көзге түскен балабақша есепшісі С.Жүкенова «Еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен  марапатталды. Балабақша медбикесі Б.Каримова денсаулықты бақылауда ұстаса, психолог маман А.Ахметжанова мінез құлықтарына жауап береді. Тіл маманы М.Ибрагимова да өз үлесін қосып  келеді. Бүлдіршіндердің бабын тауып, балдай ас мәзірін дайындайтын аспазшыларымыз Ж.Жакешова. А.Асанова,  Қосмағанбетовалардың еңбектері ерекше. Барлық шаруашылық жұмыстарын басқаратын А.Таукешова.  Кір жуу операторы Г.Бакір, И.Тамабекова,  жөндеу шебері Қ.Түйебаев, аула сыпырушымыз М.Дамысхан барлығы да оң қолдарынан өнер тамған азаматтар. Бүлдіршіндермізде аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өз өнерлерін көрсетіп жоғары биіктерден көрініп жүр. Олар:  ІХ халықаралық «Ақ көгершін» байқауының бас жүлдесін   Қ.Дүйсенбай, облыстық «Зерек бала» зияткерлік сайысында  1 орынды А.Аманжол, халықаралық “Тұлға” байқауының бас жүлдесін С.Ерғали,  аймақтық «Күміс қоңырау» байқауының 1 орынды «Балдырған» би тобы, облыстық «Ұлы дала ұрпақтары» байқауында 1 орынды А.Жанайдаров,    «Тәуелсіздікке тарту» байқауының бас жүлдесін  А.Атенова,  Х1 Халықаралық «Ақ көгершін» байқауының 1-орынын А.Ақылбек, халықаралық «Әнші балапан» байқауында бақшамыздың бүлдіршіндері «Текемет биін» билеп 1 орынды иеленді. Облыстық  «Зерек бала» сайысына 10 бала,  халықаралық  «Пони» турниріне -27 бала,   «Үркер» марафонына  -13 бала қатысып, барлықтары сертификаттармен марапатталды.  Аудандық    «Еркетай», «Ханшайым мен Ханзадалар», «Бала дауысы» байқауларының жеңімпаздары бүлдіршіндеріміздің арасынан көптеп кездеседі,-деп  балабақшаның  жетістігін  тізбелеген  меңгеруші  Райхан  Темірбайқызынан  өзінің  отбасы  туралы  сұрадық. 

 -Мен  ҚарМУ-дің  «Биология және химия» мамандығын алғаныма биыл 30 жыл толады. Осы  жұмысқа кіріскеннен кейін «Болашақ» университетінің «Мектепке дейінгі тәрбие»  мамандығын сыртай оқыдым.  Алғаш еңбек жолымды аудандық  кешкі жастар мектебінде химия пәнінің мұғалімі және директор  орынбасары болып алты жылдай қызмет атқарып, ары қарай  Ю.Гагарин  мектебінде   жалғастырдым.  Тоқырауын заманы кезінде жеке кәсіпкерлікпен айналысып,  ауданымыздың ортасынан «Іңкәр» және «Инабат» атты  дүкендер  ашып, аудан экономикасына үлес қостым.   Жолдасым Сыздықов Дүйсенғали жоғары білімді энергетик маманы. Қазір «Гелиос» май құю бекетінде инженер-механик.  Іңкәрім ҚарМу-ді үздік бітіріп, «Мұнай  газ» мамандығы бойынша  магистратураны қызыл дипломен аяқтады. Бүгінде мамандығы бойынша Қарағанды қаласында жұмыс атқарып жүр.  Инабат   Абай атындағы ұлттық  унверситетінде шет тілі мамандығы бойынша грант бөлімінің 1 курс студенті.

 Осы  қызметте  жүріп, облыс  әкімінің, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Халықаралық Ұлттық бизнес рейтингісінің жыл қортындысы бойынша «Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкері» орденімен, облыстық   «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» дипломымен және 250 мың ақшалай сыйақыға ие болдым.  Обыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

 Бір үйдің баласындай болып,  өсіп келе жатқан   бүлдіршіндерге қарап “ сендер елдің ертеңі, кемел келешектің көрікті ұл қыздарысыңдар, егеменді елдің байрағын аспандата ұстап, биіктерге көтеріліңдер” деген жылы лебізімізді білдірдік.

 Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы еңбек етіп жатқан барлық ұжымға еселі еңбектеріңіздің жемісін көруге тілек қосамыз.

Салтанат Аманқызы