Атасу кенті, Абай көшесі, 47
2-64-74, 6-40-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 409
жаман - 93
жақсы - 55
жай ғана - 50
жауап беруге қиналамын - 47
Барлығы дауыс берді: 654
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бейбіт күн жасасын әлемде
07-05-2022 15:26
Бейбіт күн жасасын әлемде

«ЕрТөстік» бөбекжайында Ұлы Жеңістің 77 жылдығы және 7мамыр Отан қорғаушылар күндеріне орай мерекелік ертеңгілік болып өтті. Мерекеде «Ботақан» және «Нұрбөбек» топтарының тәрбиеленушілері  өнер көрсетті. Дәстүр бойынша ертеңгілік төріне ардагерлер Накипов Бек Дарибаевич, Тынысбаев Ермек Айтбаевич, Бекетаев Абушахмат Маметаевич, Абилқасымов Қами Шайхауұлы және Карабалин Ерден Ермакбаевич, жастар орталығының маманы Пазылов Даниял Бақытұлы болды. Батыр ағаларымыз сол жылдардың қиын – қыстауын бастарынан өткергенімен, уақыт талабы мен заман сынағына мойынсынбаған ардагерлер. Қонақтар «ЕрТөстіктің» талантты бүлдіршіндері мен ЕрТөстік, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ секілді ертегі кейіпкерлерінің  өнерін тамашалады. Бөбекжай ұжымы ардагерлерге естелікке түскен фото суреттерін сыйлап, ықыласпен дастархан жайды. Ардагерлер «ЕрТөстіктің» жыл сайынғы бұл дәстүріне марқайып, бөбекжай басшысы Абенова Гүлнар Абаевнаға және ұжымға шексіз алғыстарын білдіріп, баталарын берді. Бақытты ұрпақ үшін кеудесін оққа төсеген ардагерлеріміз аман болсын!