БІЗ АНАНЫҢ ГҮЛІМІЗ
Мектебімізде 7 наурыз күні Халақаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Мектеп меңгерушісі Шамкенова Гүлнар құттықтау сөз сөйледі. Оқушылардың жетістіктерін, қоғамдық жұмыстарға белсенділігін айтып, сол үшін ата-аналарға алғыс білдірді. Бұдан кейін оқушылар ән-шашуларын арнады. Ән шырқап, би билеп, ойын ойнатылды. Ата-аналар да өз алғыстарын, тілектерін айтты.