1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 2024 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІР-31 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Құрметті ата-аналар!
1 сыныпқа қабылдау 2024 жылдың 1 сәуір-31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб парталы арқылы тапсыра алады.
Балалар 1 сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Тапсыратын құжаттар:
1. Ата-анасының өтініші
2. № 065-у- денсаулық жағдайы туралы анықтама
3. 052-2/у-анықтама “баланың денсаулық паспорты”. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылдан бастап “Бала денсаулығы паспортын” ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
4. Фото 3x4 2 дана
5. Куәлік (бала,жеке құжат)