АЛТЫН КҮЗ - 2019 (отбасылық сайыс)
Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, « Алтын күз - 2019» сайысын өткіздік. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен қатысты. Сайыс ережесі бойынша өз өнерлерін көрсетіп, сән үлгісі, сурет байқауы, күз сыйы атты кезеңдерден өтті. Сайысқа оқушылар белсенді түрде қатысса, ата-аналар қолдау көрсетіп, демеу беріп отырды. Соңында әр топ түрлі номинациялар бойынша марапатталды.