ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлымен кездесу
Филология ғылымдарының докторы, Профессор, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Осыдан 2 жыл бұрын ауыл тұрғындарымен кездесіп ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп келешегі бар ауыл, бала саны жыл сайын артып келеді ауылымызға заманға сай мектеп салынса деген ниет білдіріп еді. Ауылымыздың өзекті мәселесін жоғары жаққа жеткізіп орындаған Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы. Бүгінгі күні ауыл тұрғындары мен кездесіп берген уәдесінде тұрды. Алла қаласа көктемде құрылыс жұмысы басталатының айтты.