Бастауыш сынып мұғалімі Құрболысова Ж.А. Айнабұлақ негізгі орта мектебінде бастауыш сынып арасында Тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің Елбасы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алға,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу мақсатында өткіздім.
Келген қонақтарды, ұстаздарды, оқушылардыТұңғыш Президент күніне арналғанмерекемен құттықтадым. Ашық тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Оқушылар Елбасына арналған тақпақтарын арнады. Әндер: «Бір жұлдызың боламын менде» , «Мен Қазак» әндері орындалды. Билер: «Қамажай» , «Гүлім - гүлім гүлімсің» билері орындалды.
Қорытынды: Жалпы Елбасы жайлы мәлімет берілді. Қазақстанның өркендеп өсуі, қанат жайуы барлығы осы Елбасының арқасы.Төле би сөзімен ашық тәрбие сағатымызды аяқтадым.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.