с. Айнабулак
871059-51822
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 457
Плохо - 96
Хорошо - 64
Так себе - 53
Затрудняюсь ответить - 48
Всего проголосовало: 718
Смотреть результат
Статистика посещений
"Көңілді старт" Айнабұлақ НОМ
20-10-2018 19:02

 

     Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту және дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру мақсатында Айнабұлақ негізгі орта мектебінде бастауыш сынып апталығы аясында «Көңілді старт» эстафеталық жарысыөтті.

           Жарыс оқушылардың флешмоб билеуімен басталды. Жарысты бастауыш сынып мұғалімі Ракишева С.К. өткізді. Келген қонақтарды, ұстаздарды, оқушыларды эстафеталық жарысқа келгендерімен құттықтап,  Елбасымыздың  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай салауатты өмір салтын ұстауға  қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығын, денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет екендігін айтып өтті. Бастауыш сынып оқушылары «Қыран», «Арлан» 2 топ болып жарысқа түсті. Әділ - қазылар алқасы сайланып, эстафеталық жарыстың шарттарымен таныстырып өтті.

1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек) 

2. «Кім жылдам?» кезеңі (секіртпемен кедергілерден өтіп секіру)

3. «Пингвин» кезеңі (қаппен секіру)

4. «Кім мерген?» кезкңі (допты нысанаға түсіру)

5. «Кім жүйрік?» кезеңі (кедергілерден велосипетпен жүріп өту

6. «Үздік капитан» кезеңі (капитандар теннис шаригін түсірмей қағып тұру)

Жарыс өз мәнінде, тартысты өтті. Жеңімпаздар марапатталды.