Айнабұлақ негізгі орта мектебінде «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті.
Мақсаты: оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жас мемлекет Қазақстан үшін жас өреніміз, ертеңгі елдің тұтқасы, бүгінгі ұландардың білім, ғылым үйреніп мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуы және ғылым, білімнің адам өміріндегі маңызы зор екендігін баса айта отырып, Қазақстан елін нығайту жолдарымен, Ата Заңның, Қазақстанның ер – азаматы үшін ерекше мәнге ие екендігіне терең түсініктер беру.
Жиын мемлекетіміздің әнұранымен басталды.
Құттықтау сөздерді ауыл әкімі Адикамов Ж.М, мектеп директоры Ускембаева А.К. алып, бүлдіршіндерді құттықтады.
Келесі сөз кезегі 1 – сыныптың оқушыларына берілді. 1 – сынып оқушылары өздерінің дайындаған өлең жырларын айтты. Жиын соңында ата – аналар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздарды мерекесімен құттықтады.
1 – сынып оқушылары алғашқы қоңырауды соқты.