Айнабұлақ ауылдық округі
871059-51822
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Қайыңдай асыл - қарттарым»
16-10-2018 12:32
«Қайыңдай асыл -  қарттарым»

   Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз-ата-бабасын ұмытпай  есінде сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында Айнабұлақ негізгі  орта мектебіне «Қайыңдай асыл қарттарым» тақырыбында кеш ұйымдастырылды.   Іс-шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

   Мектеп директоры Ускембаева Айман Қаһарманқызы қарттарға ыстық лебізін білдіріп, іс-шараны ашып берді.  

   Кешті орыс тілі пәнінің мұғалімі Альжанова Гүлайым Темірқызы жүргізіп, слайдтар бойынша ауылымыздағы қарт ата-әжелерімізге тоқталды. Ата-бабалардан келе жатқан ұлағатты дана сөздеріне, мақал-мәтелдеріне, тыйым сөздеріне тоқталып мағынасын терең ашты. Оқушылар қарттарға арналған өлең шумақтарын оқып, әндер шырқады.

   Іс-шара өз мәнінде өтті.