Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз-ата-бабасын ұмытпай есінде сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында Айнабұлақ негізгі орта мектебіне «Қайыңдай асыл қарттарым» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Мектеп директоры Ускембаева Айман Қаһарманқызы қарттарға ыстық лебізін білдіріп, іс-шараны ашып берді.
Кешті орыс тілі пәнінің мұғалімі Альжанова Гүлайым Темірқызы жүргізіп, слайдтар бойынша ауылымыздағы қарт ата-әжелерімізге тоқталды. Ата-бабалардан келе жатқан ұлағатты дана сөздеріне, мақал-мәтелдеріне, тыйым сөздеріне тоқталып мағынасын терең ашты. Оқушылар қарттарға арналған өлең шумақтарын оқып, әндер шырқады.
Іс-шара өз мәнінде өтті.