"Даланың дара ұстазы"
Айнабұлақ негізгі орта мектебінің оқушыларымен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру, ұлы адамдардың рухтарына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту, оны жалғастыру қабілеттерін дамыту, оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту мақсатында «Даланың дара ұстазы» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды. Іс- шара барасында оқушылар ағартушының өмір жолымен танысып,Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстырып, ұлы педагогтің өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы алған білімдері бойынша тест тапсырып, сабақты «Insert»әдісі арқылы қорытындылады.