Айнабұлақ ауылдық округі
871059-51822
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 457
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 718
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы
25-04-2021 12:43
«Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы

Мақсаты:

Бақылау, баға беру және болжам жасау.

Міндеттері:

Ø  биосфераның тұтас жүйе ретінде дамуы мен жұмыс істеуін зерттеу;

Ø  қоршаған орта компоненттерінің өзіне әсер етуші табиғи және туындаған антропогендік әсерге реакциясын зерттеу;

Ø  адам дамуының қоршаған ортаға әсерінің мүмкіндік шегін анықтау;

Ø  қоршаған ортаға түсетін әсер шектеуін сақтай отырып, қоғамның даму жолына, өмір сүруі мен әрі қарай дамуына кепіл болатын тұжырымды ұсыныс пен сипаттама дайындау.

Безендіру: тақырыптық стендтер, көрмелер, плакаттар .

Айнабұлақ негізгі орта мектебінде «Экологиялық сауаттылық апталығының » ашылуы салтанатты түрде мектеп фойесінде өтті. Одан кейін 1-4 сынып тардың сынып жетекшілері  Қоршаған ортаны қорғау және жердің табиғи ресурстарын дұрыс пайдалану маңыздылығы туралы анимациялық бейнефильм көре отырып ,оқушылармен әңгімелесті.

 5 - 9 сынып оқушыларынан сынып жетекшілері экологиялық тақырыпта диктант алды.
 Екінші күні сынып жетекшілер 1-4 сыныптарға . «Егер Жер алма болса» атты эко-сағаттар өткізді.5-9 сынып оқушыларымен Серікбаева Т.Б. "Жердің температурасы бар" тақырыбында эко-сағат ұйымдастырды. Іс-шара барасында оқушылар жер атмосферасындағы парниктік газдар жайлы видеоролик көріп, компьютерде Excel бағдарламасы арқылы "Жер халқы мен көмірқышқыл газ шығарындыларының" салыстырмалы диаграммаларын сызды.