Айнабұлақ негізгі орта мектебінде 2019 жылғы 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өтетін онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Сол бойынша, мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Абдикаримова З.З. жетекшілігімен 3-ақпанда оқушылар мен мұғалімдерге арналған жиында онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. «Балаға жүрек жылуы» атты С.А.Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар оқушылармен өткізілді. Мектеп кітапханашы Ақмолдина Г.С. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырды. Мектептің 5-9 сынып оқушыларының арасында «Алтын жүрек анамыз», «Серце наполненное любовью» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырды. Ақпан айының 12-і күні барлық сынып жетекшілері «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар әр іс-шараға қызығушылық танытып, белсенділіктерін көрсете білді.
"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»