Жас ұрпақтың бойына отанын сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай –қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп,патриоттық сезімге, ұстаздарға сый құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында Айнабұлақ негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сагимбекова Г.Ж. «1-қыркүйек Білім күні» тақырыбында салтанатты жиын өткізді.
Жиынға ауыл тұрғындары,ауданымыздан келген құрметті кісілер мен ауыл әкімі келіп қатысты.
Сөз кезегін ауылымыздың әкімі Әдіқамов Ж. М.мен мектебіміздің директоры Ускембаева А.Қ. жиынымызды ашық деп жариялап мектебіміздің оқушыларымен бірінші сыныпқа келген бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдіріп,жақсы оқуларына тілектес болды.
Салтанатты жиын мерекелік әдеби монтажға ұласты.Онда мектеп оқушылары ән салып,би билеп, өлеңдер оқыды.
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мектеп табалдырығын аттап отырған екі бүлдіршінді құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдіріп, шашу шашты.Алғашқы қоңырау үні бірінші сынып оқушыларымен соғылды.