Айнабұлақ НОМ «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Айнабұлақ негізгі орта мектебінде 1-9 сынып оқушыларының қатысумен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты концерт өтті. Мемлекеттік Гимн орындалып, мектеп директоры Ускембаева А.К. құттықтау сөзімен басталды. Концерт әрі қарай оқушылардың жалынды өлеңдерімен және әуенді әндерімен жалғасын тапты. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасына байланысты көріністер қойылды. Көрермендер еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарын презентациялық көрсетілімдер арқылы тамашалады.