Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №01-13-2-7/4337 – И хаты және Қарағанды облысы «Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің» 2019 жылғы 26 қарашадағы № 01 1-2/714 хаты негізінде Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында Айнабұлақ негізгі орта мектебінде «Қазақстандағы код сағаты» акциясы өткізілді. Іс – шараның мақсаты: оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру.
Акция шеңберінде Айнабұлақ негізгі орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі Серикбаева Нургуль Болатовнаның ұйымдастыруымен 3 – 9 сынып оқушыларына тақырыптық сабақ өткізілді. Барлығы – 19 оқушы қатысты.