Қаңтар айының 25 жұлдызында Айнабұлақ негізгі орта мектебінде ғаламторсыз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы бойынша жұмыс жүргізді. Іс - шараның мақсаты: - интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.
Акция аясында «Халықаралық интернетсіз күн» тақырыбында оқушылармен және ата-аналармен сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағат барысында оқушыларға ғаламторды дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді. Информатика пәнінің мұғалімі Н.Б. Серикбаева 1 - 4 сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқауын және 5-9 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырды. Байқаудың нәтижесі бойынша жоғарғы сынып оқушылар арасынан Жанұзақ Гүлсана ерекшеленді. Ал төменгі сынып оқушылар Жақан Нұрсұлтан, Қадырбай Гүлден, Оспанова Іңкәрдің салған суреттері үздік деп танылды.