Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі
30 қараша күні Ақтайлақ негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Елбасы» күнінеарналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
«Жас Ұлан» ұйымы мен тәлімгердің ұйымдастыруымен презентация, бейнероликтер тамашаланды.
Сынып жетекшілер «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатарын өткізді.
Кітапханашы Искакова Н., өнер пәнінің мұғалімі Тусупбекова А. «Біздің Елбасымыз» атты кітап, сурет көрмесін ұйымдастырды.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ата-аналар мен балалардың қатысуымен спорттық жарыстар өткізді, жарыстың соңында ата-аналар марапатталды.
Іс-шаралардың соңында тәлімгердің ұйымдастырған «Ұланымыз Ұлы елдің» атты флеш-мобі тамашаланды.
Мазмұны қойылған мақсатына сай болған іс-шараларға оқушылар,
ата-аналар, ұстаздар белсене қатысты.