Размер шрифта:
↑Наверх
с. Актайлак
5-06-78, 5-00-18
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
Ақтайлақ негізгі орта мектебінде 1қыркүйек - Білім күніне арналған «Мен-өз елімнің патриотымын»
26-01-2019 20:09

Ақтайлақ негізгі орта мектебінде 1қыркүйек - Білім күніне арналған «Мен-өз елімнің патриотымын»

тақырыбында өткізілген  салтанатты жиын туралы ақпарат

 

 

1 қыркүйек күні Ақтайлақ негізгі орта мектебінде «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға ауылымыздың  ардагер ұстаздары Алпысбаева К., Казенова З. қатысты.

 «Алғашқы қоңырау» мерекесіне   мектептің акт залы арнайы безендірілді. Салтанатты жиынға  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілді, Әнұран орындалды.  Жиынға мектеп  табалдырығын аттаған  1сынып бүлдіршіндері сынып жетекшісімен бірге ортаға шақырылды.  

Жиынға барлық  сынып оқушылары және сынып жетекшілері  қатысты.

1, 9 сынып оқушылары әдеби монтаж дайындап өткізді.

Мектеп директоры Ғ.Әлжаппар салтанатты жиынды ашып берді.  Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары  А.Абжанов  оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстырды.

Алғашқы қоңырауды 9 сынып оқушысы Шалғынбаева Ж.  пен 1 сынып оқушысы Ескермес М. соқты.

Салтанатты жиын аяқталған соң  сыныптарда «Мен-өз елімнің патриоты» тақырыбында Білім сабақтары өткізілді. Әр сынып жетекші өз сыныптарын безендіріп, көрнекіліктер дайындады.

 Білім сабақтарына  ата-аналар, ардагер ұстаздар, мектеп басшылары  қатысты.