2 қыркүйек күні Ақтайлақ негізгі орта мектебінде «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Бидайық ауылдық округінің бас маманы Жахиянова Ж., АББ-нің әдіскері Кубеева Г.Ж. және ауылымыздың арнайы шақырылған қонақтары ардагер ұстаз Алпысбаева К., Казенова З. қатысты.
«Алғашқы қоңырау» мерекесіне мектеп алды арнайы безендірілді. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілді, Әнұран орындалды. Жиында мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1сынып бүлдіршіндері сынып жетекшісімен бірге ортаға шақырылды. Жиынға барлық сынып оқушылары және сынып жетекшілері қатысты. 1, 9 сынып оқушылары әдеби монтаж дайындап өткізді.
Мектеп директоры Ғ.Әлжаппар салтанатты жиынды ашып берді. Мектеп директорының оқу ісінің орынбасары А.Абжанов оқу жылының басталуы туралы бұйрығымен таныстырды.
Алғашқы қоңырауды 9 сынып оқушысы Аманова А. мен 1 сынып оқушысы Алдабаев Б. соқты.
Салтанатты жиын аяқталған соң сыныптарда «Мен-өз елімнің патриоты» тақырыбында Білім сабақтары өткізілді. 5-7 сыныптар арасында Ақтайлақ ауылының фельдшері Хасенова Б.Б. өз саласына байланысты Білім сабағын өткізді. Әр сынып жетекші өз сыныптарын безендіріп, көрнекіліктер дайындады. Білім сабақтарына ата-аналар қатысты.