Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде 10 желтоқсан күні ата-аналар үшін «Мектеп, ата-ана ұстаз бірлігі, ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары » тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді. Мектеп психологы Ж.Елеусизова музыкалық көңіл күй тренингімен қарсы алып, мектеп директоры К. Ж. Бимендина құттықтау сөзімен ашып берді. ДТЖЖО Е. Жолдыбаева «Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мектеп пен отбасы серіктестігі» тақырыбында мектеп ережесімен таныстырса, психолог Ж. Елеусизова «Балалардың интернетке тәуелділігі жаңа дерт» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Ізденіс» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен «Бір оқушы, бір гүл» жобасы ұйымдастырылып, 75 гүл түрлерінен гүл жинақталып, белсенділік танытқан бірнеше ата ана «»Алғыс хатпен марапатталды. «Самға» шығармашылық тобының жетекшісі А. Какенова «ТЖБ,БЖБ оқушының білім деңгейінің айқын көрінісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мектеп тәлімгері А. Жақия 7-9 сынып оқушыларымен «Дарындылар додасы» зияткерлер сайысын өткізді. «Серпін» шығармашылық тобының жетекшісі М. Акишеваның жетекшілігімен «Сыр шертеді қаламым» атты мектеп оқушыларының ай сайынғы шығарып отырған газет жұмысымен таныстырып, 7-9 сынып оқушыларымен дебат өткізді. Музыка пәнінің мұғалімі А.Нағманованың ұйымдастыруымен «Сәлем саған Қазақстан» тақырыбында концертімен қорытындыланды. Концертте оркестрмен ән шырқалып, оқушылар өнерлерін жан жақты көрсетті.
«Ашық есік күні»