Жұмажанов ат. ауыл
5-11-83, 5-06-77
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 460
жаман - 96
жақсы - 64
жай ғана - 53
жауап беруге қиналамын - 48
Барлығы дауыс берді: 721
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
«Жасөспірімдер арасындағы өз – өзіне қол жұмсаудың алдын- алуда ата-ананың рөлі»
02-12-2024 18:33
 «Жасөспірімдер арасындағы өз – өзіне қол жұмсаудың алдын- алуда ата-ананың рөлі»

Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде «Жасөспірімдер арасындағы өз – өзіне қол жұмсаудың алдын- алуда ата-ананың рөлі» тақырыбында ата – аналармен, Жастар денсаулық орталығының мамамандарымен кездесу жиналысы ұйымдастырылды. Кездесуге Жастар ресурстық орталығының директоры Тәттімбек Еркегүл, жастар денсаулық орталығының психолог маманы Юсупова Айкүміс Бодеевна, медбике Жукина Анар Нураловна, акушер Әлі Іңкәр Дүйсенғалиқызы шақырылды. Аталған тақырып бойынша мектеп директоры Бимендина Кулшат Жакеновна сөз алып ашып берді. Мектептің педагог-психологі Елеусизова Жазира Алибековна қазіргі таңдағы өзекті мәселе  «Балалардың интернетке тәуелділігі - жаңа дерт!» тақырыбында жан-жақты түсіндіре отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы кеңестер берді. Жастар денсаулық орталығының психолог маманы Юсупова Айкүміс Бодеевнаөз тәжірибесі бойынша ата-аналарға «Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаудағы анықталатын мінез-құлықтары» туралы бейнеролик көрсете отырып ақпарат берді. Сонымен қоса қорытынды ретінде психологиялық көңілді тренингпен аяқтады.