Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 26 қараша күні мектеп мұғалімдерін білім беру стандартындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру бойынша отырыс өткізілді. Мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары педагогтарды мемлекеттік бастауыш, негізгі және орта білім беру сатндартындағы жаңа өзгерістермен таныстырды. Бұл стандарттағы өзгерістер жобасы 2026-2027 оқу жылында қолданысқа енгізілетін айтылды. жоба өзгерістеріне толық тоқталып, талдап кетті. Стандарттың басты мақсаты, оқу процесіндегі тиімділігі, білім алушыларды жан-жақты дамыту және оларда білім берудің базалық құндылықтар негізінде қажетті негізгі құзыреттілікті қалыптастыру бойынша айтылды. Педагогтар сұрақ қойып, түсіндіру жұмыстары жүргізіле отырып, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті.
Жаңаарқа жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 26 қараша күні мектеп мұғалімдерін білім беру стандартындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру бойынша отырыс өткізілді.