с. им. Жумажанов
5-11-83 учит., 5-06-77
Вернуться на главную страницу отдела образования
Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
Голосовать
Отлично - 409
Плохо - 93
Хорошо - 55
Так себе - 50
Затрудняюсь ответить - 47
Всего проголосовало: 654
Смотреть результат
Статистика посещений
Сыңғырла, алғашқы қоңырау!
03-09-2018 12:27
Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

Жаңаарқа ЖОББМ 1-қыркүйек Білім күніне байланысты "Сыңғырла, алғашқы қоңырау" атты салтанатты жиын өтті. Жиынға мектеп ұстаздары мен оқушылар, ата -аналар және аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бабасов Т, аукыл әкімі Д.Бүкірбаев, ардагер ұстаздар Р.Қалжанова, Ж.Оспанова, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Тишмағанбетов, ата -аналар комитетінің төрайымы А,Бекқұлова қатысты. Білім күніне арналған салтанатты жиынды мектеп директоры К.Ж.Бимендина құттықтау сөзімен ашымен ашып, жаңа оқу жылында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі істеріне шығармашылық табыстар тіледі. Мерекелік құттықтау сөзін ауыл әкімі Д.Бүкірбаев биылғы жылғы "Цифрлы Қазақстан" аясында мектептен ашылып жатқан IT class интеллектуалды кабинеттердің ашылуымен құттықтады.
1сыныптың оқушыларының концерттік бағдарламасына жалғасқан бұл шара көрермендерді бір серпілтіп тастады. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Аманбай Аяулым және 1 сынып оқушылары Бұқпа Инабат пен Жақан Әзизаға табысталды. Жиын аяқталысымен барлық қонақтар, ата -аналар әр сыныпта өткен "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбындағы сабақатарға кірді. Сынып бөлмелері талапқа сай безендіріліп, сынып жетекшілер өз сабақтиарына жаңа технология, АКТ құралдарын пайдалана отырып, сабақтарын өткізді.