Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебінде 8 қыркүйек күні Республикалық Денсаулық күніне орай «Денсаулық фестивалі - 2018» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға мектеп мұғалімдері, мектеп оқушылары, мектеп қызметкерлері және ата – аналары қатысты. Жиын ҚР мемлекеттік әнұранымен басталып, мектеп директоры К.Ж.Бимендина, мектеп медбикесі Т.Сапарованың құттықтау сөздерімен ашылды. Салтанатты жиын бірнеше іс – шаралардан тұрды. Атап айтсақ:
1.Гимнастикалық жаттығулар
2. Флэш – моб (МАД – 11 сынып)
3. Би жарысы мұғалім – ата – ана және кіші қызметкерлер арасында
4. МАД – 4 сынып оқушылары арасында «Көңілді старт»
5 .5-11 сынып оқушылары арасында «Эстафеталық таяқша»
6. 7-11 сынып оқушылары арасында футбол
7. 7-11 сынып оқушылары арасында баскетбол
8. шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, теннис ойындары.
Осы аталған іс – шараға қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата – аналар марапатталды
Денсаулық фестивалі -2018