Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Жаңаарқа ЖОББМ 1 желтоқсан ҚРТұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралары. Жасұлан ұйымының басшылары «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында ақпараттық стенд жасап, 1-11 сыныптарда «Тұңғыш Президент» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мектепалды даярлық сыныбында Н.Тажикенованың «Біздің Елбасы» ашық сабағымен басталған бұл мереке 5 сынып оқушыларының «Жас қыранға» өтіп ант қабылдауымен жалғасты. Кешті өзін –өзі басқару ұйымының мерекелік кешіменұласып, соңында ауыл әкімі Д.Бүкірбаев, ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы А.Тишмағанбетов және мектеп директоры К.Бимендина оқушылардың «Жас қыранға» өтуімен және мерекемен құттықтау тілектерін айтты.